Ата-аналарға арналған кеңестер
Ата-аналарға арналған кеңестер
Пиротехниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
Жаңа жылдық мерекелер-бұл дегеніміз мерекелік көңіл-күй, жарық шамдар, қуаныш, күлкі, көңілді және ертегіні күту. Балалар петардаларды жарып, отшашу шашады, ересектер «артиллерияны» байыпты қолданады. Мерекелерде пиротехниканы қолданудан болған күтпеген күйіктер мен басқа да жарақаттарды алмау үшін, сондай-ақ өрт сөндірушілерді шақыруға мәжбүр болмас үшін, бірқатар қарапайым ережелерді есте сақтау және отқа жауапкершілікпен қарауды ұмытпау керек.
Келесі қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды:
Жаңа жыл үшін пиротехниканы осындай қызметке қажетті барлық рұқсат құжаттары және тиісті өнімге арналған сапа сертификаттары бар сатушылардан ғана сатып алуға болады.
Фейерверктерді пайдалану алдында пиротехникалық бұйымды қолдану нұсқаулығын мұқият зерделеу қажет.
Балалар кез-келген пиротехникалық бұйымдарды қолданған кезде екі есе абай болу керек және мұны ересектердің қатысуымен жасау керек.
Өрт, төтенше жағдай болған жағдайда «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалуды ұмытпаңыздар. Сақ болыңыздар, мерекені бұзбаңыздар!
Балалардың отпен ойнауы.
Жедел қызметтердің мәліметтері бойынша көбінесе мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың өлімі мен жарақаттануы өрттердің пайда болуы, жол ережелерін бұзу, өзендер мен көлдерде шомылу, жұқа мұзда ойнау немесе коньки тебу кезінде болады. Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ата-аналар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті.
Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
- баламен сөйлесіп, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
- балалардың сіріңке, оттық сияқты заттарға қызығушылығын байқасаңыз, ұлыңызға немесе қызыңызға оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда шыққан оттың күші қиындықтар әкелетіні туралы айтыңыз;
- балаларға тұрмыста, көшелер мен жолдарда дұрыс жүріс - тұрыс үлгісін көрсетіңіз;
- баланың күні бойы жүрген жерін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат бойы ата-аналардың бақылауында, қамқорлығында және назарында болуы тиіс;
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақытын бақылаңыз;
- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электрмен қыздырғыштардың, басқа электр жабдықтарының, пешпен жылытудың жарамдылығы мен пайдаланылуын қадағалаңыз;
- төтенше жағдайларда: 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ қызметіне хабарласыңыз.
Құрметті ата-аналар! Балалар сіріңкемен ойнау арқылы өртке кінәлі болатынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар, тек тыйым салумен шектелмеуіңіз керек, балаларға отпен ойнаудың қалай аяқталатынын сенімді түрде түсіндіруге тырысуыңыз қажет. Балаларға сіріңке ойыншық емес, бұл өте қажет және пайдалы нәрсе екенін, балалар ойындарына мүлдем жарамсыз екенін үнемі үйретіңіз.