«Қостанай қаласының білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 1-11 сынып оқушылары үшін, 3-ші тоқсан аяқталу қарсаңында мектеп конференцияларына, олимпиадаларға, байқауларына және іс-шараларына белсенді қатысқан мектеп оқушыларын марапаттау рәсімі өткізілді. Оқу жылы ішінде әртүрлі деңгейлерде өткізілген қалалық және облыстық олимпиадаларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, оқуларда және әртүрлі зияткерлік іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған оқушыларға марапаттар табысталды. Жеңімпаз оқушылар – біздің мектептің мақтанышы! Мұғалім мен оқушының күнделікті бірлескен еңбегі байқауларда, олимпиадалар мен конференцияларда оң нәтиже береді! Оқушылар мен мұғалімдерге алдағы уақытта да жемісті еңбек, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!