Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 71 - тармағына сәйкес, жалпы білім беретін ұйымда сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бұл ретте санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтау және оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету жағдайында қысқартылған (40 минутты қоса алғанда) ұзақтығын белгілеуге рұқсат етіледі.
Сабақ кестесі келесі факторларды ескере отырып жасалады:
- мектеп екі ауысымда жұмыс істейді;
- оқу кабинеттерінің жүктемесі;
- әрбір сынып бойынша ең жоғары оқу жүктемесі;
- спорт залының жұмыспен қамтылуы;
- педагогтардың жүктемесі;
- білім беру процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық талаптары мен нормаларын сақтау.
7 - 11 - сыныптарда апталық кесте күніне орта есеппен жеті сабақты қамтиды. Бірінші ауысымда сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, екінші ауысымның бірінші сабағымен 5 минуттық қабаттасу орын алады, бұл аудитория санының шектеулілігіне байланысты.
Қоңырау кестесі 40 минуттық сабақ ұзақтығына негізделеді, сабақтар арасындағы үзіліс 5 минутты құрайды, екінші және төртінші сабақтардан кейін бір ұзақ үзілістің орнына бірінші және екінші ауысым үшін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс беріледі.
Кесте оқу жоспарының инвариантты және вариативтік компоненттері үшін жеке құрастырылады. Вариативтік бөлім бойынша сабақтар көбінесе міндетті сабақтар саны аз күндері жоспарланады.
Кесте ата - аналар комитетімен келісіледі және мектеп директорымен бекітіледі.
| № | 2022-2023 оқу жылы сабақ кестесі | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 2022-2023 оқу жылы сабақ кестесі | |
| 2 | 2022-2023 оқу жылы сабақ кестесі вариатив |
| № | 2023-2024 оқу жылы сабақ кестесі | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 2023-2024 оқу жылы сабақ кестесі | |
| 2 | 2023-2024 оқу жылы сабақ кестесі вариатив |
| № | 2024-2025 оқу жылы сабақ кестесі | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 2024-2025 оқу жылы сабақ кестесі | |
| 2 | 2024-2025 оқу жылы сабақ кестесі вариатив |
| № | 2025-2026 оқу жылы сабақ кестесі | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Вариативты компонент 2025-2026 оқу жылы сабақ кестесі | |
| 2 | Инвариативты компонент 2025-2026 оқу жылы сабақ кестесі |