Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
9 сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) орыс тілі жазбаша;
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша;
3) қазақ тілі мен әдебиеті жазбаша;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика) бойынша жазбаша.
11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) орыс тілі жазбаша;
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша;
3) Қазақстан тарихынан ауызша;
4) қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын), информатика) жазбаша.