БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ (ББЖМ)
Қазақстанда білім беру сапасын бағалаудың негізгі ұлттық құралдарының бірі – білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу болып табылады. ББЖМ 2021 жылдан бастап бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында өткізіледі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-бабына сәйкес, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу – бұл 4 және 9-сынып білім алушыларының оқу сапасын жүйелі түрде бақылауға бағытталған, білім беру ұйымдарынан тәуелсіз бағалау.
ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз түрде жүзеге асырылатын оқу сапасын жүйелі бақылау болып табылады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022711)
Мақсаты: білім алушылардың білім сапасын МЖМБС талаптарына сәйкес бағалау
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 30 сәуір – 20 мамыр
Қатысушылар: 4, 9-сыныптар (іріктеу бойынша әрқайсысында 42 оқушы, барлығы – 84)
Бағалау бағыттары: оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану (оқыту тілінде) және сауалнама жүргізу
4-сыныптарға арналған ББЖМ форматы:
Математикалық сауаттылық: 20 сұрақ
Оқу сауаттылығы: 10 сұрақ
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық: 20 сұрақ
Тестілеу уақыты: 154 минут (2 сағат 34 минут), әр 25 минут сайын 10 минутқа дейін үзіліс (білім алушының қалауы бойынша)
9-сыныптарға арналған ББЖМ форматы:
Оқу сауаттылығы (орыс тілі): 15 сұрақ
Математикалық сауаттылық: 20 сұрақ
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық: 30 сұрақ
Физика: 8 сұрақ
Химия: 8 сұрақ
Биология: 8 сұрақ
География: 6 сұрақ
Тестілеу уақыты: 189 минут (3 сағат 9 минут), әр 35 минут сайын 10 минутқа дейін үзіліс (білім алушының қалауы бойынша)
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | План МОДО 2025-2026 |