Жаңа жыл қарсаңында, 2025 жылдың 24 желтоқсанында 1 - 11 сыныптарға Аяз ата мен Ақшақар кіріп, оқушыларға жылы лебіздерін жеткізді. Мектепте ерекше мерекелік атмосфера орнап, балалар қонақтарды қуанышпен қарсы алды. Әрбір оқушы тәтті сыйлық алып, тамаша көңіл күйге бөленді. Бұл мереке балаларға жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер сыйлады.