"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
  • Мектеп туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    2026 жылғы 17 сәуірде біздің жас жол инспекторлары жасағы (ЖЖИ) №16 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен қалалық ЖЖИ жасақтарының слётіне қатысты. Слёт барысында команда 9 байқауға қатысты: саптық байқау, «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері», велосипедті мәнерлеп жүргізу, «Жас реттеуші», «Жас санитар», үгітбригадалар байқауы, эрудиттер турнирі, «Ашық үзіліс» байқауы. Барлық сынақтардың қорытындысы бойынша ЖЖИ жасағы «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері» байқауында 3-орын иеленді. Оқушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар мен жеңістер тілейміз!