2026 жылғы 24 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының базасында «Зерттеудегі бір қадам – дамудағы жүз қадам» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті, оған біздің мектептен 9 «Б» сынып оқушысы, Бекушев Богдан лайықты қатысты. Бекушев Богдан мен жоба жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Рахимжанов Қонысбай Сеиловичті жүлделі 2-орынмен құттықтаймыз! Жарайсыңдар! Одан әрі жеңістер мен жоғары нәтижелер тілейміз!