"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
  • Мектеп туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    Жалпы орта білім беру курсы бойынша қорытынды аттестаттау. ҰБТ» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Кандалина Т. В. кіріспе сөзбен ашып, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қараудың және түлектерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға сапалы дайындаудың маңыздылығын атап өтті. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Лисогурская О. М. оқушылардың үлгерімі мен білім сапасына талдау жасап, сондай-ақ оқушылар мен олардың заңды өкілдерін жалпы орта білім беру курсы бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібімен таныстырды. Жиналыс барысында пән мұғалімдері де сөз сөйледі: Гаджиева Л. В., Бычкова Н. М., Рахимжанова Н. К., Абдрахманов Ж. К., Айтпаева А. Б., Антоненко Л. В. Педагогтер ата-аналарды оқушылардың бітіру емтихандарына дайындық деңгейі туралы хабардар етіп, ҰБТ-ға дайындалу бойынша ұсыныстар берді және қойылған сұрақтарға жауап берді.