"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
  • Мектеп туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында және 9 мамыр мерекесі қарсаңында 2026 жылғы 23 сәуірде 5А, 5Б, 6А, 6В, 7Б сынып оқушылары орыс драма театрына барып, «О чём молчат Ленинградские крыши» атты әскери драманы тамашалады. Қойылым оқушыларға ерекше әсер қалдырып, соғыс жылдарының атмосферасын сезінуге, қоршауда қалған Ленинград тұрғындарының ерлігін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Кейіпкерлер бейнесі арқылы оқушылар ауыр сынақтарды бастан өткерген адамдардың рухының мықтылығын, батылдығы мен төзімділігін көре білді. Қойылымнан кейін оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. Театрға бару тек танымдық қана емес, сонымен қатар патриоттық сезімді және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тәрбиелік іс-шара болды