"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025 жылғы 21 сәуірінде, №6 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларының командасы 8-10 сынып оқушылар үшін Республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңіне қатысты.

Мектептің бес оқушысы өзекті тақырыптар бойынша өз жобаларын ұсынды: 10а сынып Ларионов Кирилл, мұғалімдер Н.К. Рахимжанова және Н.К. Канжигалиева «Автокөлік құралдарының шығарындыларынан ауаның ластануын бағалау әдістері: модельдеу, мониторинг және қоршаған ортаға келтірілген зиянды азайту жолдары» тақырыбында жобасын ұсынды; 9а сынып Кушнарева Полина, мұғалімі Н.Н.Дементей, «Н.В.Гоголь мен А.С.Пушкин шығармаларындағы кішкентай адам тақырыбы» жобаны ұсынды; 9а сынып Зубкас Милена, мұғалімі Н.Н. Дементей «Тілді дамытудағы жастар сленгі» тақырыбындағы жобаны ұсынды; 9а сынып Якимова Виктория, мұғалімі Т.Г.Мусина, «Тиімді тамақтану – оқушының денсаулығының кепілі» тақырыбында жобасын ұсынды; 9а сынып Тогжанов Назар, мұғалімі Н.К. Рахимжанова «Ауа ластануының мектеп оқушыларының денсаулығына әсері» тақырыбында жобаны ұсынды. Конференцияға қатысушылардың әрқайсысы өз жұмысын абыроймен ұсынды; үлкен көлемдегі дайындық жұмыстары жүргізілді, онда оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ұсыныстар, жинақтар мен кітапшалар дайындады.

Конференция қорытындысы бойынша қалалық кезеңнің жүлдегері атанды: 3 орын - Ларионов Кирилл, 10а сынып оқушысы (мұғалімдері Н.К. Рахимжанова және Д.М.Канжигалиева). Команда мен жетекшілерін конференцияға лайықты қатысуларымен құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!!
Алдағыда одан әрі биік жеңістерге ие болыңыз!!!