22 мамырда Қостанай қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Тамара Дүйсенова №6 жалпы білім беретін мектепке келіп, "Әлеуметтік әмиян" жобасының іске асырылу барысымен танысты. Жобаның енгізілуі және қол жеткізілген нәтижелер туралы мектеп директоры Татьяна Валентиновна Кандалина баяндады.