Бүгін, 2026 жылғы 20 мамырда «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 4 және 9-сынып оқушылары, МОДО - білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі тестілеуіне қатысты. Бұл тестілеу оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға, функционалдық сауаттылықты дамытуға және білім сапасын арттыруға бағытталған. Оқушылар үшін бұл тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар жауапкершілікті, шоғырлануды, өз күшіне сенімділікті үйренуге көмектесетін маңызды тәжірибе болып табылады. МОДО-ға қатысу елеулі дайындықты, ынтаны және тәртіпті талап етеді. Біздің 4, 9 сынып оқушылары тестілеуге жауапкершілікпен қарап, жоғары нәтижелерге ұмтылып, еңбексүйгіштік пен тәртіпті көрсетті. Мұғалімдерге жоғары сапалы дайындығы мен оң көзқарасы үшін; ата-аналарға қолдау көрсеткені, оқушыларының сыртқы келбетін ұйымдастырғаны және білім сапасына түсіністікпен қарағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың бірлескен жұмысы оң нәтиже береді!
Оқушыларымызға тамаша нәтижелер, тестілеудің барлық түрлеріне сенімділік және оқуда одан әрі сәттілік тілейміз! Әрбір жаңа кезең үлкен жетістіктерге жетелейтін шағын қадам болсын!