Бүгін, 2026 жылғы 16 маусымда, мектебімізде 9-сынып оқушыларына аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті. Биыл 52 түлек алғашқы маңызды білім туралы құжатын алды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Мектеп директоры Кандалина Т.В. түлектерге ақжарма тілегін арнап, алдағы өмір жолында нық қадам басып, биік мақсаттар қойып, сол мақсаттарға жетулеріне сәттілік тіледі.
Мектебіміздің ерекше мақтанышы - 9 «А» сынып оқушысы Некрасова Доминика үздік аттестатқа ие болды. Бұл оның еңбексүйгіштігі, талпынысы және оқуындағы үздік жетістіктерінің лайықты жемісі.
Ата-аналар атынан жауап сөз сөйлеген Габдулин Ш.С. мен Куркина Е.А. ұстаздар қауымы мен мектеп әкімшілігіне балаларды оқытып, тәрбиелеудегі еңбектері мен қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.
Бұл күні ұстаздар мен ата-аналарға қолдауы, білімі мен қамқорлығы үшін алғыс сөздер айтылды. Ақ жол, түлектер! Бұл маңызды кезең сіздердің жаңа, жарқын әрі табысты өмірлеріңіздің бастауы болсын. Алдарыңыздан тек биік жетістіктер, жаңа мүмкіндіктер мен қуанышты сәттер жолықсын!