Бүгін біздің мектеп оқушылары қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуды ұйғарып, пайдаланылған батареяларды жинайтын арнайы қорап жасады!
Әрбір батарейка тек шағын энергия көзі емес. Қолданғаннан кейін ол 20 шаршы метрге дейін топырақ пен жүздеген литр суды ластайтын қауіпті қалдықтарға айналады. Сондықтан оны кәдімгі қоқыс жәшігіне тастауға болмайды!
Біздің қорап батареяларды қайта өңдеуге болатындай етіп бөлек жинауға көмектеседі. Біз бірге таза жерге, таза суға, салауатты болашаққа қадам басамыз.
Кішкентай әрекет – үлкен нәтиже! Қолданылған батареяларыңызды мектепке әкеліңіз және бізбен бірге
табиғатқа көмектесіңіз!