"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
  • Мектеп туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    «Қостанай қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің  педагог-психологы Кульмуратова Батима Кайратовнаны, Қостанай облысының «Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің  грамотасымен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл марапат – Сіздің еңбекке деген жауапкершілігіңіздің, еңбекқорлығыңыздың, жоғары кәсіби шеберлігіңіздің, педагогикалық қолдау жүйесін дамытуға және мектептің білім беру кеңістігінде қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлесіңіздің, сондай-ақ профилактикалық және ағартушылық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуыңыздың лайықты бағасы. Шабыт пен шығармашылық жігеріңіз ешқашан сарқылмасын, әр күніңіз қуанышқа, құрметке, әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің  ықыласы мен мейіріне толы болсын! Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық тілейміз! Еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақытта да биік жетістіктер мен жоғары нәтижелерге жете беруіңізге тілектеспіз!