2026 жылғы 25 мамыр күні мектепте «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған
салтанатты жиын өткізілді. Мектеп директоры Кандалина Т.В. барша
қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Бірінші сынып
оқушылары өлең оқып, мектеп туралы әндер шырқалып, би нөмірлері
орындалды. Түлектер тарапынан жауап сөз айтылды. Түлектер қоштасу
вальсін биледі.
11-сынып оқушысы Ларионов Кирилл дәстүр бойынша білім кілтін 10-сынып
оқушысы Трубин Ярославқа табыстады. Соңғы қоңырау соғу құрметі 11-сынып
оқушысы Еремеев Егор мен 1 «Б» сынып оқушысы Муржикова Мединаға берілді.
Дәстүр бойынша түлектер мен бастауыш сынып оқушылары «Түлек ағашы»
челленджіне қатысты.
Мереке жылы әрі әсерлі жағдайда өтті. Түлектер үшін бұл күн мектеппен
қоштасудың, ұстаздары мен ата-аналарына алғыс айтудың, сондай-ақ жаңа
өмір кезеңінің бастамасының символына айналды. Түлектерге сәттілік, өз
күштеріне сенімділік және алға қойған мақсаттарына жету туралы ізгі
тілектер айтылды.