«Стартинейджер»
Бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» аясында 2026 жылғы 16 ақпанда мектепте «Стартинейжер» атты би байқауы 4 сыныптарда өткізілді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар би қойылымдарын орындау барысында жоғары дайындық деңгейін, әртістік шеберлігін, ұйымшылдығы мен шығармашылық көзқарасын көрсете білді. Әрбір өнер көрсету өзіндік ерекшелігімен, динамикасымен және сахналық мәдениетімен дараланды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын - 4 «А» сынып
II орын - 4 «В»сынып
III орын - 4 «Б» сынып
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен марапатталды. «Стартинейжер» би байқауы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұжымдық рухты нығайтуға және «Адал азамат» бағдарламасы аясында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті