"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
  • Мектеп туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    «Стартинейджер»
    Бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» аясында 2026 жылғы 11 ақпанда мектепте «Стартинейжер» атты би байқауы өткізілді. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар би қойылымдарын орындау барысында жоғары дайындық деңгейін, әртістік шеберлігін, ұйымшылдығы мен шығармашылық көзқарасын көрсете білді. Әрбір өнер көрсету өзіндік ерекшелігімен, динамикасымен және сахналық мәдениетімен дараланды.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
    Гран-при - 8 «Б» сыныбы
    I орын - 10 «А», 6 «Б» сыныптары
    II орын - 11 «А», 7 «Б» сыныптары
    III орын - 5 «В», 6 «А» сыныптары

    Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен марапатталды. «Стартинейжер» би байқауы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұжымдық рухты нығайтуға және «Адал азамат» бағдарламасы аясында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті