2026 жылғы 2 қазанда мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік
концерт өтті.
Мерекелік таң көңілді «тірі дәлізден» басталды. 11-сынып оқушылары мен
қоян кейпіндегі бойшаң қуыршақтар ұстаздарды қарсы алып, тәтті сыйлықтар
тарту етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мектеп директоры Кандалина Т.В. құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға ізгі
тілегін білдірді. Еңбек өтілі 10, 20, 25, 30 және 40 жылды құрайтын
педагогтарға ерекше алғыс айтылды. Сонымен қатар Еңбек күніне орай
мектеп қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік
бағдарламада әндер мен өлеңдер шырқалып, жарқын билер, көңілді көрініс
және оқушылардың жүрекжарды құттықтаулары көрерменге көтеріңкі көңіл күй
сыйлады. Әр ұстаздың еңбегі әрдайым құрметке, алғысқа және шәкірттерінің
сүйіспеншілігіне бөлене берсін!
Ұстаздар күні құтты болсын, ардақты ұстаздар!