"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
  • Мектеп туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    Жаз басталды - лагерь ашылды!
    Бүгін мектебімізде көптен күткен жазғы лагерьдің ресми ашылуы өтті!
    Күніміз жарқын флешмобпен және көңілді салтанатты жиынмен басталды. Одан
    кейін балалар қолдарына «Маршруттық парақтарды» алып, қызықты станциялар
    әлеміне саяхатқа аттанды.
    Бүгін біздің оқушылар қандай белестерді бағындырды дейсіз ғой? Мектеп
    аумағы нағыз шытырман оқиғалар алаңына айналды:
     «Знатоки казахского языка»- балалар тіл байлығын шыңдап,
    тапқырлықтарын көрсетті.
    ‍️«Весёлые старты»- мұнда нағыз командалық рух пен достық жеңіске
    жетті!
     «Быстрее, выше, сильнее!»- таза ауадағы спорттық эстафеталар
    балаларға күш-қуат сыйлады.
     «Мир красок»- сұр асфальт бір сәтте балалардың қиялынан туған
    кемпірқосақтай құлпырды.
     «Музыкальный калейдоскоп»- ең әуезді, ең көңілді әндер мен билердің
    орталығы болды.
    Лагерьдің алғашқы күні өте әсерлі, күлкі мен қуанышқа толы өтті. Алда
    бізді бұдан да қызықты күндер күтіп тұр! Ендеше, кеттік!