Мектепте 6–7 сынып қыз оқушыларына арналған «Жыныстық қол сұғылмаушылық және өзін-өзі қорғау дағдылары» тақырыбында дәріс-тренинг өткізілді. Іс-шараны ЗОЖ маманы Әбілқасова Г. Н. және Қостанай қаласы №2 емханасының психологы Жаңабұлова Г. Б. ұйымдастырып, жүргізді.
Тренинг барысында оқушыларға өз құқықтарын білу, жеке шекараларды сақтау, қауіпсіз мінез-құлық тәсілдері, сондай-ақ қиын жағдайларда қайда жүгінуге болатыны туралы ақпарат берілді. Кездесу мазмұнды әрі жасөспірімдерге түсінікті форматта өтіп, олардың өзін қорғау мен қауіпсіздігін сақтаудың маңызын жақсырақ түсінуіне мүмкіндік берді.