"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"№6 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
  • Мектеп тарихынан
  • Мектеп туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    «ЭкоАРТ» көрмесі 2026 жылғы 12–13 қараша аралығында мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен қалдық материалдардан жасалған бұйымдардың «ЭкоАРТ»
    шығармашылық көрмесі өтті.

    Оқушылар қайта пайдалануға болатын материалдардан жасалған ерекше әрі қызықты жұмыстарын ұсынды. Әрбір бұйым балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін және қоршаған ортаға деген жанашырлығын көрсетті.

    Көрменің басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қалдық материалдарды қайта пайдаланудың маңыздылығын насихаттау. Көрмеге қатысқан барлық оқушылар белсенділіктері, шығармашылық ізденістері мен ерекше жұмыстары үшін мадақтамалармен марапатталады.