30 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп ұйымдастырған «Суды сақта – болашақты сақта» республикалық жобасы аясында мектебіміздің 10–11 сынып оқушылары экологиялық сабаққа қатысты.
Оқушылар онлайн көрсетілімді тамашалап, оның барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатқа жанашырлықпен қарау және қоршаған ортаны қорғаудағы әр адамның жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қарастырылды.