«Жақсылық өзіңнен басталады» акциясы Мектебімізде иттерге арналған жем жинау мақсатында «Жақсылық өзіңнен басталады» қайырымдылық акциясы өтті.
1–11 сынып оқушылары бастаманы белсенді қолдап, жануарларға деген мейірімділік пен қамқорлықтарын көрсетті. Оқушылар мен сыныптар төрт
аяқты достарымызға көмектесу үшін жем әкелді.
Әрбір кішкентай жақсылық әлемді мейірімді ете түседі!
Акцияға қатысып, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамыз!