2025 жылдың 18 қарашасында “Жасыл оқиғалар” жобасы аясында 1-5 сынып
оқушылары үшін табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті
қалыптастыруға бағытталған киноклуб өткізілді.
Бейнероликті тамашалау барысында балалар қалдықтарды сұрыптаудың,
жауапты тұтынудың және табиғатты аялаудың маңыздылығымен танысты.
Роликтен кейін оқушылар сұрақтарға жауап беріп, көргендері бойынша
пікірлесіп, жаңа білімдерін бекітіп, өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара мектеп оқушыларының экологиялық ойлауын дамытып, қоршаған ортаны
қорғауға өз үлестерін қосуға деген дайындықтарын нығайтуға ықпал етті!